Атырау, 25 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Әнші Төреғали Төреәлі ұсталды

1 037 просмотра

Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық саябақтың аумағында болған бұзақылық фактісі Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс ретінде тіркелді.

30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу істі дұрыс шешу үшін қажет және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайтынын атап өтейін, - деді Рустам Әбдірахманов.

Қылмыстық істің тергеу барысы мен нәтижесі Алматы облысының полиция департаментінде бақылауға алынды.

30 қыркүйек 2022, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.