Атырау, 5 қазан 15:07
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Кейбір діни ағымдар Қазақстан тарихының балама нұсқаларын қолдан жасап, таратып жүр - Қ. Лама Шариф

2 463 просмотра
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бір буын ауысқан соң, еліміздің діни ахуалы қатты өзгеруі мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Қазақстандағы дін бостандығы» тақырыбындағы халықаралық конференцияда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

«Соңғы кездері өмірде жолы болмағандармен қатар белсенді жастардың өзі дәстүрлі емес діни ағымдарға көптеп тартылуда. Бұдан түйеріміз, бір ұрпақ ауысқан кезде еліміздің діни ахуалы адам танымастай өзгереді деген сөз. Сол өзгерістердің Қазақстанның мүддесіне емес, керісінше біздің табиғи байлығымызға көз салып отырған басқа елдердің оң жамбасына келетіні де жасырын емес.

Қазірдің өзінде Қазақстанда да, кейбір шекаралас елдерде де өз ағымдарын басқаларға тықпалаумен айналысатын топтар елдің негізгі ұлтының тарихын бұрмалап, өз «діндерін» дәстүрлі етіп көрсетуге барын салып бағуда», - деді Қ. Лама Шариф.

Оның айтуынша, мұндай манипуляция халықтың тарихи жадына азды-көпті болса да, әсер етуі мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

19 наурыз 2013, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.