Атырау, 24 сәуір 10:46
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бекхэм әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшылар рейтингінде Мессиден басып озды

1 985 просмотра
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Пари Сен-Жермен» француз футбол клубының ағылшындық жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм France Football басылымының нұсқасы бойынша әзірленген жалақысы ең жоғары футболшылар рейтингінде көш бастады.

Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Бекхэм өзінің 36 млн. еуросымен аталмыш журналдың нұсқасы бойынша үш жыл қатарынан ең бай футболшы атанып келген каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиден басып озды.

Бұл ретте Бекхэмнің клубтағы жалақысы ойыншының жалпы табысының (американдық «Лос-Анджелес Гэлакси» үшін ойнап жүрген кездегі) бес пайызын ғана құрайды.

Мессиге келетін болсақ,  ол 12,5 млн. еуро жалақы алады, бұдан бөлек, үстеме ретінде алатын жарты миллион және жарнамалық келісімдерден түсетін 22 млн. табысы бар.

Көшбасшылар үштігін мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду тұйықтады. Оның жылдық табысы 30 млн. еуроны құрайды, соның ішінде 16,5 миллион коммерциялық келісімдерге тиесілі.

Бұдан өзге, France Football нұсқасы бойынша жер шарындағы жалақысы ең жоғары 20 футболшының қатарына келесілер енді:

5. Неймар («Сантос») - 20 млн. еуро;

6. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») - 19 млн. еуро;

7. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») - 18 млн. еуро;

8. Златан Ибрагимович (ПСЖ) - 17,5 млн. еуро;

9. Яя Туре («Манчестер Сити») - 16,6 млн. еуро;

10. Фернандо Торрес («Челси») - 16,3 млн. еуро;

11-12. Карлос Тевес («Манчестер Сити») - 16,2 млн. еуро;

11-12. Давид Сильва («Манчестер Сити») - 16,2 млн. еуро;

13. Кака («Реал») - 14,5 млн. еуро;

14. Бастиан Швайнштайгер («Бавария») - 14 млн. еуро;

15. Филипп Лам («Бавария») - 13,5 млн. еуро;

16. Икер Касильяс («Реал») - 12,7 млн. еуро;

17. Дидье Дрогба («Галатасарай») - 12,6 млн. еуро;

18. Джанлуиджи Буффон («Ювентус») - 12,4 млн. еуро;

19. Дарио Конка («Гуанчжоу Эвергранд») - 12,1 млн. еуро;

20. Карим Бензема («Реал») - 12 млн. еуро.

Дереккөз: inform.kz

19 наурыз 2013, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.