Атырау, 23 қараша 05:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда белгісіз біреулер 22 тонналық көпірді ұрлап кеткен

2 827 просмотра

Батыс Түркияның Коджаэли облысында қызықты оқиға тіркелді. Онда ұрылар тұтастай темір көпірді ұрлап әкеткен. 

Болжам бойынша, ұрылар бұл әрекетке темір илектерін тапсыру арқылы ақша табу үшін барса керек.

Коджаэли облысындағы Gölçük ауылында екі жағаны жалғап тұрған салмағы 22 тонна, ұзындығы 25 метр көпірді жергілікті тұрғындар жеміс бау-бақшасына бару үшін өзеннен өту өткелі ретінде пайдаланған.

Дүйсенбі күні таңертең жергілікті тұрғындар көпірдің жоғалып кеткенін аңғарып, қатты таңғалған, олар бірден бұл оқиға туралы полицияға хабар беріпті. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, көпірді ұрылар бөлшектеп, жүк машинасына тиеп, ұрлап әкеткендігін айтқан. Құлмыстың болжамдық себебі – көпірдің металл бөлшектерін металл илектерін қабылдайтын орындарға өткізу арқылы ақша табу.

Полиция қазір болған жайдың мән-жайын анықтап, кінәлілерді іздестіру үстінде. Ауыл тұрғындарының бірі Мустафа Каракаш әлі күнге мұндай ұрлықтың да боларына сене алар емес, деп жазады Antalya Today.

«Енді біз өзеннің арғы бетіне өту үшін аяқ киімімізді шешіп, жалаң аяқ жалдап өтуге мәжбүрміз», - дейді Каракаш. Сондай-ақ ол осы ауыл тұрғындары ұрыларды сотқа беретіндігін жеткізді.

Дереккөз: bnews.kz

19 наурыз 2013, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.