АСТАНА, 19 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Harlem Shake биі үшін оқудан шығарылған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері оқуға қайтадан алынады, деп уәде берді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
«Мен бүгін-ертең, Наурыз мейрамын атап өту қарсаңында ректорға, оларды студенттер қатарына қайтадан алу туралы тапсырма беремін», деді Жұмағұлов тілшілерге.
Оның пікірінше, жоғары оқу орынның басшылығы жастарды жеткілікті түрде қатаң жазалаған. «Егер оларды шығарып жіберсе, олар бұдан былай мемлекеттік гранттарға ие бола алмайды, менің пікірімше бұл тіпті ауыр жаза. Сондықтан мен реттеуге тырысамын», - деп түсіндірді ол.
Дереккөз: newskaz.kz