Атырау, 26 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейден Атырауға «қашушылар» легі: баспананы жалға беру бағасы шарықтап кетті

1 342 просмотра

Ресейліктердің Қазақстанға жаппай келуіне байланысты дүрлігіс такси, тасымалдаушылар қызметінің құнына әсер етті. Қазақстаннан Ресейге дейінгі баға сол қалпында – бір орынға 15 мың теңге, ал Ресейден Қазақстанға келу құнына 50 мың ресей рубліне дейін сұрайды.

- Шекарада бір тәуліктен көп тұруға тура келеді, оның үстіне оларда шектеу енгізіп жатыр, егер біреуін өткізбесе, оған ақшасын қайтаруға тура келеді, ал ол орын алып қояды, - деді таныс такси жүргізушісі бағаның өсуін түсіндіріп. Оның айтуынша, шекарада бірнеше тәуліктеп тұрғысы келетін көлік жүргізушілері аз; бүгінде Ресей-Қазақстан шекарасындағы кезекті ескерсек, бірнеше күннен кейін кері қайтуға тура келетіндіктен, Астрахань бағытына бірнеше көлік қана жүреді екен.

Бағалар өткен сенбіде-ақ көтеріле бастады. Алдымен такси жүргізушілері әдеттегі 15 мыңның орнына 50 мың, кейін 90, одан соң 150 мың теңге сұрады. Енді осылай тиімдірек деп, 50 мың рубль сұрайтын болған. Пойыз билеттері еркін саттықта жоқ дейді такси жүргізушілері. Мен тексеріп көрдім: шынында да, 11 қазанға дейін билет жоқ екен.

«Крыша» сайтынан бұрынғы бағамен жалға берілетін пәтерлерді әлі де табуға болады, алайда қаланың шалғай ауданындағы ескілеу пәтерін тәулігіне 20 мың теңгеге жалға бергісі келетіндер де бар екен. Бірақ ұзақ мерзімді жалға беру бағасы айтарлықтай көтерілген. Орталықтан шалғай орналасқандықтан жергілікті тұрғындар онша қызықпайтын Береке ықшамауданындағы екі бөлмелі пәтерді үй иелері енді 400 мың теңгеге жалға бермек болып отыр. Telegram мессенджерінде Қазақстанға келгісі келетін ресейліктер баспананы қайдан табуға болады және қанша тұрады, ақшаны қалай айырбастауға болады, картаны қалай ашу керек, бұл үшін қандай құжат қажет, белгілі бір мамандарға арналған жұмысқа қалай тұруға болады және т.б. сұрақтарына жауап іздейтін каналдар ашылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қыркүйек 2022, 02:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.