Аудан және қала әкімдері жылына екі рет есептік кездесулер өткізуге міндеттеледі. Ал ауылдық әкімдер мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы осындай. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге негізделген. Биылғы жылы жергілікті атқамінерлер 8,5 мыңнан астам есептік кездесу өткізді. ҚР Президент Әкімшілігі осы кездесудердің қортындыларына талдау жасады. Бұл жөнінде кеше Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі апталық брифингінде Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, әкімдердің жылдық есептеріне халықтың қызығушылығы жыл санап артып келеді.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:
- Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда кездесуге қатысушылар саны 1,5 есеге өскен. Талдау көрсеткендей, ауыл тұрғындарды сумен, газбен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, әлеуметтік-мәдени обьектілерді қайта жаңарту проблемалары алаңдатады.
Дереккөз: 24.kz