Атырау, 25 қараша 12:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алан Чумак - кешегі күннің аңызы

2 209 просмотра

Атырауға экстрасенс әрі емші Алан ЧУМАК келіп кетті. Бірақ жоспарланған 10 күннің орнына ол бар болғаны екі-ақ күн ғана болды.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында бүкіл кеңес халқын теледидар арқылы емдеген экстрасенс Чумак Қазақстан бойынша өз турнесін Орал қаласынан бастады. Сол жердегі БАҚ-тардың хабарлауынша, өзін және өзімен бірге алып келген суын ғажайып Чумак қуатымен зарядтағысы келгендерді жалпы қабылдаған залда аяқ басар жер болмапты. Тек бірінші күннің өзінде 700-ден астам адам жиналған екен.

Бұл Оралдағы жағдай. Ал Атырауда мүлдем басқаша болған. Бірінші күні де, екінші күні де өз «пациенттерін» Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет сарайында күткен Алан Владимировичпен тегін кездесуге залдың үштен бір бөлігі де жиналмады. Жалпы тегін сауықтандыру сеансынан кейін әр адамнан 100 доллардан жеке сеанстар жоспарланған болатын. Экстрасенс суды «зарядтауға» болатын өзінің DVD-дискілерін 6000 теңгеден, сонымен қатар бір данасын 2000 теңгеден сату үшін өзінің емдік фотосуреттерін әкеліпті. Ол фотосуреттің бірден төрт данасын алуға кеңес береді: біреуін матрацтың астына бас жағына, екіншісі мен үшіншісін кеудесінің астына, төртіншісін аяқ жағына салып жату керек екен. Екі айдың ішінде, оның сендіруінше, бұл кез келген кеселден айықтыратын көрінеді.

Алайда бұл тауар да, емшінің өзі де Атырауда сұранысқа ие болмады. Осы жерде екі күн болғаннан кейін ол белгісіз жаққа кетіп қалды. Шамасы, өкпелеп кеткен болуы керек.

Бәлкім, бұл Алан Чумак «кешегі күннің қаһарманы» санатынан болғандықтан шығар. Бүгiнде емшіліктің түрі де, бәсекелестік те жеткілікті ғой.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

18 наурыз 2013, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.