Оның хабарлауынша, ұсыныс сипатындағы аталған құжаттың авторы - Ресей Федерациясы. «Олар өз заңын алған да, 94 пайызын көшіріп сала салған. Новосібір қаласында өткен жиында біз оның шикі тұстарын көрсеттік. Шынын айтсақ, Қазақстан мен Беларусьтың заңнамасы Ресейге қарағанда, әлдеқайда озық әрі заман талабына жауап бере алады. Енді, наурыздың 28-29-ы күндері Алматыда өтетін кездесу кезінде біз Қазақстанның ұстанымын ашық түрде жариялайтын боламыз», - деп атап көрсетті С.Ержанова.
Айта кетейік, Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдеріне тарайтын «Бәсекелестік туралы» заңды ағымдағы жылы осы үш елдің басшылары рәсімдейтін болады.
Дереккөз: inform.kz