Атырау, 18 сәуір 23:02
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қапшағайдағы пышақтасуда әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі зардап шекті

2 246 просмотра

АСТАНА, 18 нау  – Қазақстан жаңалықтары АА. Қапшағайдағы пышақтасуда әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі прокуратурға сілтеме жасап.

Қапшағай қаласында өлтірілген әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі техникалық взводының командирі болып шықты.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 17 наурыз күні таңғы сағат 5-те Қапшағай қаласының орталық қалалық ауруханасының жедел-жәрдем кезекшісінен қалалық әкімдіктің жанынан «жәдел-жәрдем» көлігіне құрсақ қуысына түйреліп-кесілген жарақаты бар ҚР ҚМ 58012 әскери бөлімі инженерлік-бүркеніш взводының командирі Аман Қамаров отырғызылғаны хабарланды. Ол аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқиға орнынан 58012 әскери бөлімі техникалық взводының командирі Нұржан Тоқтамысовтың мәйіті табылды. Оның денесінен үш рет сұғылған пышақ жарақаттары табылды.

ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 наурыз 2013, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.