Атырау, 26 сәуір 20:03
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атыраудағы орталық көпірді жөндеуге Украинадағы соғыстың әсері тиіп отыр

1 223 просмотра

Атырауда орталық көпірді жөндеуден өткізу үшін тендерге жарияланған қаржыға әлі ешқандай мердігер қызығушылық танытпай отыр. Еске салсақ, қалалық мәслихат биыл наурызда қаржыландыруды мақұлдап, ал қалалық әкімдік мемлекеттік сатып алу порталына 920 млн теңгеге тендер жариялаған еді.

Атырау әкімдігі мәлімдегендей, бұл мемлекеттік тапсырысқа әзірге үміткер табылмаған.

- 2020-2021 жылдары жобалық-сметалық құжаттары жасалып, осы смета бойынша 2022 жылы тиісті көлемде қаржы қаралды. Алайда одан кейін құрылыс материалдары қымбаттап кетті. Бұған көрші елдердегі ахуал да кедергі келтіріп жатқан болуы мүмкін. Ешқандай мердігер қатысуға қызығушылық білдірмеді, - деді қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр ХАМИДОЛЛАЕВ.Бірақ мердігерлерді тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

20 қыркүйек 2022, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.