ПЕТРОПАВЛ, 18 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бала ұрлау қылмысын ашты: жетінші сынып оқушысы Сергей Семенченды (суретте) аттестаттаудың қорытындылары бойынша жұмыстан босатылған бұрынғы полицейлер ұрлаған, деп хабарлады дүйсенбідегі брифингте СҚО ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Өмірханов.
13 наурызда СҚО ІІД-сіне кәмелет жасқа толмаған, ұлым – «Дарын» мектебінің жетінші сынып оқушысы Сергей Семенченды ұрлап кетті деп Петропавл тұрғыны жүгінді. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша баласын сабақтан қайтып бара жатқанда ұрлап кеткен. Бала ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабымен қылмыстық іс қозғалған.
«Үш тәулік ішінде СҚО ІІД мен Петропавл қаласы ІІБ-ның жеке құрамы қажетті жедел-іздестіру шарасын өткізді. Осы қылмысты ашуға СҚО ІІБ бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды», - деп ақпараттандырды Өрімханов.
Ол бірнеше болжамның әзірленгенін атап көрсетті. Келіп түскен әр ақпарат барынша тексерілді. Негізгі болжам ретінде ата-анасынан ақша алу мақсатындағы пайдақорлық ниеті қарастырылды.
«Ата-анасы күн сайын баласын мектепке көлікпен апарып тастап, алып қайтып жүреді. Түстен кейін көшеде адам жоқ жерде ұрлаушылар көлікпен баланың жанына тоқтап, күштеп отырғызып, аяқ-қолын, басын байлап алып, артқы орындыққа отырғызып Көкшетауға қарай жол жүріп кеткен», - деді ведомство басшысы.
Ұрлаушылар Сергейге ата-анасына оны ұлрлап кеткендігі туралы хабарлуға әдейі мүмкіндік берген. Ұрлаушылар ақша талап ете бастаған, алайда нақты сомасын атамаған. Олар баланың әкесіне ақша дайындауын талап етіп, смс-хабарламалар жіберіп, қоңырау шалған.
«Екі тәулік өткен соң осы қылмысқа 37 жастағы Петропавл тұрғынының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Хабарламаны тексеру кезінде ақпарат расталып, күдікті ұсталды. Оперативті жолдармен ұрланған баланы Көкшетау қаласында жалдамалы пәтерде ұстап отырғандықтары анықталды», - деп атап көрсетті Өмірханов.
Дереккөз: newskaz.kz