16 наурызда қалада соққан екпіндеген қатты жел қала тұрғындарына біршама жайсыздықтар тудырды.
Редакцияға тағы да қоқыс орны өртеніп жатыр деген шағыммен тұрғындар хабарласты. Біз «Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВҚА қоңырау шалған едік. Ол бұл сыбыстарды жоққа шығарып, мұның түтін емес, борап тұрған шаң-топырақ екенін айтты.
Біздің фототілшіміз Атырау қаласындағы желдің әсерінен зардап шеккен әкімшілік ғимараттар мен үйлердің шатырларын суретке түсіріп алды.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының кезекші синоптигі Қырмызы ҚАПАНОВАНЫҢ айтуынша, 16 наурыз күні тал түсте желдің күші секундына 17 метрді құраған. Болжам бойынша, оның күші секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Каспий теңізінің үстінде циклон мен антициклонның қарама-қарсы соғуы нәтижесінде оңтүстік-шығыс желі күшейген екен. Ал жұмыс күндері ауа-райы тынышталады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ