Атырау, 24 сәуір 06:15
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Әл-Азһар жаңа Папаның тұсында Ватиканмен қатынасын жақсартуды көздейді

1 658 просмотра

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Сүнниттік исламның алдыңғы қатарлы орталығы болып табылатын әл-Азһар мешіті мен университеті осындай мәлімдеме жасады.

Middle East Online хабарлағандай, бұл жайында әл-Азһар бас имамының дінаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ахмет әл-Тайып Махмуд Азаб мәлім еткен.

Ол 2011 жылдың бас кезінде үзіліп қалған Ватиканмен арадағы диалогты қалпына келтіруге ниетті екенін жеткізді. Сонымен бірге, католиктердің шіркеуі мен жамағатын жаңа жетекшілерімен құттықтады.

Тек әл-Азһар орталығы ғана емес, сонымен бірге, әлем мұсылмандары аргентиналық кардинал Хорхе Марио Бергольоны (Jorge Mario Bergoglio) Рим-Католик шіркеуінің Папасы болып сайлануымен құттықтап жатыр. Бұл жайында OnIslam хабар таратты. Жаңа Рим Папасын құттықтағандардың арасында Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің директоры Нихад Авад (Nihad Awad) бар. Ол өзінің құттықтауында: «Біз бейбітшілік, әділеттілік үшін оның мұсылман қауымымен ынтымақтастығындағы кез келген бастамасына қолдау білдіреміз»,- деп мәлімдеді.

muslim.kz сайтының жазуынша, 76 жастағы Бергольоның Латын Америкасынан алғаш рет сайланып отырған тұлға екенін айта кету керек.

Ол тақуалығымен және консервативтік көзқарасымен танымал болған адам. 2010 жылы бір жыныстылардың некесіне наразылық танытқан болатын. 
Дереккөз: inform.kz

17 наурыз 2013, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.