Атырау, 1 желтоқсан 23:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Олимпиада жүлдегерлері Қазақстанға бірінші орын алып берді

2 248 просмотра

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Чехияда бокстан өтіп жатқан "Гран При" бәсекесі қазақ боксшылары үшін сәтті аяқталды. Онда Ілияс Сүлейменов пен Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычко чемпион атанды.

52 келі салмақта ел намысын қорғаған Ілияс Сүлейменов финалда қытайлық Май Кинкиксянды 16:10 есебімен жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды alasharena.kz.

81 келіде сынға түскен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ақтық сында голландиялық Петер Мулленбергпен жұдырықтасып, 10:9 есебімен басым түсті.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко финалда армениялық Армен Симонянды жеңіп, ұлттық құрамаға үшінші жеңіспен қатар, жалпыкомандалық есептегі бірінші орынды алып келді.

Кеше жастарымыз Азия біріншілігінде 4 алтын алып, топ жарған еді. Енді, ұлттық құрама да Чехия төрінен олжалы оралуда.

Дереккөз: inform.kz
 

17 наурыз 2013, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.