Иранға өз ядролық қаруын шығаруға бір жылдай уақыт қалды. АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тың әскери барлау қызметінің мәліметтерін ұсынды, деп хабарлады РОСБАЛТ.
«Обама АҚШ-тың Тегеранға ядролық қару шығаруға жол бермейтінін айтты», - делінген ақпаратта.
АҚШ президенті Ирандағы ядролық қару мәселесін дипломатиялық жолмен реттеу күшпен реттеуге қарағанда ұтымды болар еді деп мәлімдеді.
Еске сала кетсек, келесі сәрсенбі күні Барак Обама Израильға іссапарымен барады. Ол жерде талқыланатын маңызды мәселелердің бірі Ирандағы жағдай болмақ.
Дереккөз: bnews.kz