Атырау, 27 желтоқсан 05:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Болжам: өткен жылғыдан 62 см жоғары болады

2 698 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, осы көктемде Жайық өзенінде қатты су тасқыны болмайды. Алайда тасқынның үдемелі кезеңінде су деңгейі өткен жылғыға қарағанда жоғары болмақ.

Ресейлік су жолын бақылаушылар Орынбор облысындағы Жайық өзенінде орналасқан Ириклинск су қоймасына еріген қар суы  көп құйылады деп күтуде. Өткен жазда су ернеуінен асып өзен арнасына секундына 15 текше метр жылдамдықпен құйылған. Күзде бұл көлем 30 текшеге дейін, ақпанда – 60 текшеге дейін, ал 1 наурыздан бастап екі есеге дейін көбейген болатын. Бұл биылғы көктемде құйылатын 1,1 млрд текше метр таза суға су қоймасынан орын босату үшін қажет.

Салыстыру үшін: Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауынан бастау алатын Жайықтың Елек пен Ор тармақтары негізгі су арнасына суды орташа жылдық деңгейден аз құяды.

Су инспекциясының болжамы бойынша, Атырауда тасқын күшейген кезде Жайық өзеніндегі су деңгейі 490 см (өткен жылы – 428 см) белгіге жетеді. Тасыған судың көпжылдық орташа деңгейі 455 см-ді құрайды. Ал 1994 жылы қатты су тасыған кезде өзендегі судың биіктігі 601 см-ге жеткен болатын.

Облыстың шағын Сағыз, Ойыл және Жем өзендерінде су таяз болады деп күтілуде. Еріген қар суларының көлемі көпжылдық орташа деңгейден екі есе төмен болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 наурыз 2013, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.