Қазақстандық олигарх ресейлік танымал әншіге үйленді. Анжелика Агурбаш мейрамхана бизнесіндегі белді кәсіпкер Анатолий Побияхоға көз салған екен. Ал жұлдызды той осы күзге жоспарланыпты, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.
Бұл жаңалықты ресейлік шоу-бизнестің бұлбұлы Николай Басков таратуда. Әнші мен кәсіпкердің тойын басқаратынын алға тартқан Басков дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Ал Побияхо мен Агурбаш осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы концерттердің бірінде танысқан. Содан бері ресейлік әнші елімізге жиі келуді әдетке айналдырыпты. Айта кетерлігі былтыр ғана Анжелика шұжық фабрикаларының қожайыны, миллионер Николай Агурбашпен ажырасып үлгерген. Ал, 41 жасар Анатолий Побияхо – табысты бизнесмендердің бірі.
Деркккөз: bnews.kz