Атырау, 25 қараша 12:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайықтан келген ажал

2 106 просмотра

Жайықтағы Жайықтағы "Пегас" қайығыБүгін таңертең Еркінқала селосының маңында Атыраудың екі тұрғыны қаза болды. Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі қайық тетігіне ие бола алмай қалған.

Таңғы 6-лар шамасында «Пегас» маркалы моторлы қайық Еркінқала селосының маңындағы «Ақ Жайық» табиғи резерваты қосынының төмен түсірілген шлагбаумына соғылған. Қайықта болған екі адам сол жерде ажал құшыпты.

- Марқұмдардың жеке бастары анықталды. Олар 1968 және 1969 жылы туылған жергілікті тұрғындар, - деп хабарлады телефон арқылы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. –Жүргізушінің өзімен бірге кеме жүргізуге арнайы рұқсат куәлігі болмаған.

ҚР ҚК-нің 295-бабының 3-тармағы ( Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бейресми дереккөздер қайғылы оқиғаның «Ақ Жайық» табиғи резерватының №2 қосынының маңындағы балық жүретін каналда орын алғанын растап отыр:

- Кеме теңізге қарай қозғалған, мұндай уақытта айнала айқын көріне қоймайды. Олар шлагбаумды байқамай қалған болуы керек. Борттан қысқа ұңғылы қару, балық аулау құралдары, бензин қоры табылды, - деп хабарлады біздің дереккөз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 наурыз 2013, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.