Атырау, 23 қараша 12:40
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі мұнай кеніші ашылды

3 085 просмотра

Бүгін Қашаған кенішінен кейін бірінші рет Каспий қайраңынан тағы да екі кенішінің ашылғаны ресми түрде бекітілді.

Олар – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Хазар және Қаламқас кеніштері. Бұл туралы Геология және кен орындарын пайдалану комитетінің қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды. Жаңа кеніштерде жүргізілген геологиялық барлау және бағалау жұмыстарынан кейін ондағы қордың көлемі де анықталды. Қаламқас кен орнында 70 миллионға жуық тонна мұнай болса, ал Хазарда 31 млн тонна қара алтын бар. Бұл қазба байлықты игеру жұмыстары 2019 жылы басталады. Ал бүгінде аталған орындарда инфрақұрылым дамыту мәселесі қолға алынды.

Базарбай НҰРАБАЕВ, ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

- Екі кеніште 100 миллионнан астам тонна мұнай қоры бар. Атап айтқанда, Хазарда С1 санатында шамамен 30 млн, ал Қаламқаста 70-80 млн мұнай бар.

Дереккөз: 24.kz

14 наурыз 2013, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.