14 наурыз күні Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының (ҰӨЖЖ) пленарлық отырысы кезінде ҚКП ОК бас хатшысы Си Цзиньпин (суретте) ҚХР төрағасы (президенті) болып сайланды. Бұл туралы РБК хабарлады.
Парламенттің жыл сайынғы сессиясына 3 мың депутат қатысты.
Бұл қызметке Си Цзиньпин 10 жыл бойы төраға болған Ху Цзиньтаоның орнына келді.
Сондай-ақ, республиканың жаңа төрағасы ҚХР Орталық әскери кеңесінің басшысы болып тағайындалды.
Осылай Си Цзиньпин төрт басқарушылық қызметке ие болып, партиялық, мемлекеттік және әскери басқарудың тізгінін қолына алды.
Дереккөз: bnews.kz