Атырау, 27 қараша 14:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда Лесхоздағы "Көктем" тұрғын үй кешені сүріледі

1 718 просмотра

Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшылығының талап арызы бойынша заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу туралы сот шешімі шықты. 

Атырау тұрғыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына Лесхоз ықшамауданындағы «Көктем» көпқабатты тұрғын үй кешенін тексеру туралы арыз берген. Тексеру барысында құрылыс салушы тұрғын үй кешенін рұқсат құжаттарынсыз салып жатқаны анықталды. Оның келісілген алдын ала жобасы да, сараптамадан өткен егжей-тегжейлі жобасы да, құрылыстың басталғаны туралы хабарламасы да болған жоқ. Ал учаскенің мақсаты тұрғын үй кешенін салуға мүлдем жатпайды.

МСҚБ басқармасының басшысы Ерлан ҚАБДИНОВТЫҢ айтуынша, құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 314, 316, 321, 463 баптары бойынша жалпы сомасы 1 миллион 43 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған заңбұзушылықтарды жойып, рұқсат құжаттарын алғанша құрылысты тоқтату туралы ұйғарым да берілді. Ал 2021 жылдың 7 қыркүйегінде ҚР құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына байланысты аталған нысанның құрылысын тоқтату туралы сот шешімі шықты. Құрылысшы бұдан сескенбей, құрылысты жалғастыра берді. Содан кейін МСҚБ екінші рет тексеріп, құрылыс салушыға тағы да 1 108 000 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, басқарма өз тарапынан заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы сотқа шағым түсірді.

– Қазіргі уақытта Атырау қаласы, Әлиев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Көктем» тұрғын үй кешенін бұзу туралы экономикалық соттың шешімі заңды күшіне енді. Әрине, нысан бұзылады, – деді Қабдинов.

Ал, бұл тұрғын үй кешеніндегі барлық пәтер сатылып кеткен. Енді құрылыс салушы кешенді өз қаражатына бұзып, ақшасын қала тұрғындарына қайтаруы керек.

Фархат ӘБІЛОВ

17 тамыз 2022, 08:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.