Атырау, 25 қараша 13:03
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алуан гүлдер шетелден келеді

11 071 просмотра

8 наурыз да артта қалды, бірақ гүл шоғын ұсынатын себеп қашан да табылады. Гүл бизнесі осы ұстанымды ұстайды. Өткен жылы Атырауда 300 мың доллардан астам сомада гүл шоқтарын жасау үшін және декоративтік мақсатта гүлдер импортталған. 

Бізге гүлдердің алуан түрі - тірі гүлдерден бастап, «гүл шоқтарын жасауға және декоративтік мақсатқа жарамды» кептірілген, боялған, ағартылған, қоректендірілген немесе басқа тәсілдермен дайындалған, қырқылған гүлдер мен гүл түйнектері әкелінеді.

Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, Атырауға 10 елден, соның ішінде Нидерландыдан, Италиядан, Израильден, Эквадордан, Кениядан, Колумбиядан және т.б. елдерден гүлдер әкелінеді. 2012 жылы ең ірі гүл жеткізушілер Нидерланды мен Эквадор елдері болыпты. Раушандар, лалагүлдер мен гладиолустер негізінен Нидерландыдан импортталады, оларды Атырауға 192 мың долларға жеткізген екен. Бұл ел импортталатын орхидеялар нарығында да көш басында тұр ($44,6 мың). Одан кейін облысымызға раушан гүлін 62,1 мың доллар сомаға жеткізетін Эквадор мен 10 мың долларға жеткізетін Кения елдері тұр. «Ұластырылған немесе ұластырылмаған» санаттағы раушандарды импорттау құрылымында көршілес Өзбекстан елі бой көрсетеді, ол жерден 0,2 мың долларға гүлдер әкелінген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.