ТШО уәде берді
Биыл Жылыой ауданында 7 балабақша құрылысы басталады деп күтіліп отыр.
- Жылыой аудандық әкімдігінде болған кездесуде «ТШО» ЖШС биыл 7 балабақша құрылысын бастауға уәде берді. Соның ішінде Жаңа Қаратон селосында бірден екі балабақша салынады деп күтілуде, -дейді Жылыой ауданы білім бөлімінің бастығы Қарлығаш СЕЙДАХМЕТОВА.
Айта кетейік, бүгіндеЖылыой ауданының6 елдімекенінде бірнеше жылдан бері балабақша атымен жоқ. Бұдан бөлек, Құлсары қаласының өзінде де балабақша тапшылығы сезіледі.
***
Арамшөп емес, жемшөп екен
Жайылымдық жердегі өсіп тұрған ошаған малдың күнделікті азығына керемет тағам қоспасы бола алады.
Құрманғазы ауданы Теңіз селолық округіндетұратын Мәди ҚАЖЫҚАНОВ ошаған малдың семіруіне жақсы әсер етіп отыр деген пікірде.
- Мен өткен жылдың шілде айында 10 тонна ошаған жинап алған болатынмын. Малға әжептәуір азық болды. Биыл да ошағанды мал азығы орнына дайындап алуды көздеп отырмын, - дейді М. Қажықанов.
***
Ақша қайда?
Жуырда бұрынғы Доссор аудандық ауруханасының қызметкерлері аудандық прокуратураға еңбек дауына байланысты арыз түсірген болатын. Прокурорлық тексеріс бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, 2012 жылы 22 адамға 968 мың теңге іссапар шығындары төленбеген. Әлеуметтік төлемдерге қатысты тәртіпсіздіктер орын алған - қараша, желтоқсан айларындағы қарыз 6 млн теңгеден астам қаржыны құрап отыр.
- Еңбек заңдылығын бұзған лауазымды тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс берілді, - дейді Жылыой ауданы прокурорының көмек-шісі Б. ЕРҚАСОВ.
***
Алтын жолдан тайдырды
Ганюшкино селосындағы «Құралай» сауда үйіндегі дүңгіршектердің бірінде ұрлық жасады деп айыпталған күдікті ұсталды.
Құрманғазы ауданы прокуро-рының орынбасары Магилан РАХИМОВ хабарлағандай, сауда нүктесіненжалпы құны 1,2 млн теңге болатын алтын бұйымдары мен қолма-қол 24 мың теңге ұрланған.
Өзінен айғақты заттар табылған күдікті - 1991 ж.т. Ганюшкино селосының тұрғыны. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 175-бабы 3-ші бөлігінің «б» тармағы бойынша («Ұрлық») қылмыстық іс көтерілген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА