Атырау, 25 қараша 12:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрғақшылықтан кім құтқарады?

7 246 просмотра

Таяу күндері Жылыой ауданына келіп, Қамыскөл көлін жыл бойы сумен толтыру, Жем өзенінің суын тиімді пайдалану жолдарын зерттеген голланд маманы Роб Ван ден БУМЕН өзінің жұмыс жоспарымен жергілікті әкімдік мамандарын таныстырады.

Жем өзені Мұғалжар тауынан келетін қарлар ерітіндісі және бұлақ көздерінен бөлінетін сумен толығып отырады. Алайда, биыл қардың аз түсуі мен бұлақ көздерінің бітеліп қалу қаупі құрғақшылыққа алып келуі мүмкін.

- Биыл қар аз түскендіктен Жем өзеніне де келетін су жыл сайынғы мөлшердегісінен аздау. Сондықтан, құрғақшылықты болдырмаудың жолы мен аз суды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырудамыз, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВ.

Ал Құлсары қаласын кесіп өтетін ұзындығы 40 шақырым Құрсай өзегіне соңғы жылдары көңіл бөлінбегендіктен, қамыс басып, арнасы топыраққа толған.

- Құрсай өзегі бірнеше жылдан тазартылмағандықтан, күйі кетіп, азып-тозды. Біз өзек жайын айтудан шаршадық. Оған көк тиын ақша бөлінбейтін болды, -дейді жергілікті тұрғындар.

Қамыскөл көлінің жағдайы да көңілді жұбатып отырған жоқ. 2010-2011 жылы көлге су келмегендіктен иіс шығып, санитарлық-эпидемиологиялық станция мамандары түрлі жұқпалы ауруды болдыртпаудың шарасын алу мақсатында көлдің суына шомылуға тыйым салған болатын. Тек өткен жылы ғана Қамыскөл көлін өр суымен жаңартудың сәті түсті. Алайда, биыл өр суының қаншалықты мөлшерде келетінін ешкім де тап басып айта алмайды.

- Жем селолық округі бойынша «Тасшағыл» бөгеті қалпына келтіріліп, шабындық алқаптарға су шығаруға және елді мекендерге қатынас жасауға мүмкіндік туған,- дейді Жылыой ауданы әкімі Мақсым ІЗБАСОВ. - Бұдан бөлек, «Мойнақ», «Қосжан түбек», «Піл (Аққұдық)» бөгеттері де толықтай қалпына келтірілді. Қара Арна селолық округі бойынша «Теміржол тұсы» өзегін ашу, Құлсары қаласы бойынша Құрсай өзегінің 700 метр ұзындығына дейін қазу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар жалғасын тауып, оны наурыз аяғында аяқтау көзделуде. Одан бөлек, Жем бойындағы «Дүйсеке» мешіті тұсынан «Құржем» бөгетін салу жұмысы қолға алынған болатын. Енді оны сәуір айына дейін бітіру жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар аудандағы ірі кәсіпорындардың демеушілігімен іске асуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.