Атырау, 4 мамыр 20:16
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жоба бойынша салынған суағар жасамай тұр

Бейнежазба
1 504 просмотра

«АЖ»-ға Исатай ауданы Аққыстау ауылы «АТП» ықшамауданының тұрғындары хабарласты. Олар суағарлардың құрылыс сапасына күмәнданып отыр. Оның үстіне іші қоқысқа толы. 

Аққыстау ауылындағы суағарларды жаңғырту жұмысы 2020 жылдың 24 тамызында басталып, 2021 жылдың 10 маусымында аяқталған.  Жалпы құны 149 млн теңге болатын бұл жұмысты «Жалынды құрылыс» ЖШС жүргізген.

- Бұрын үш көшеге суағар салынды, кейін оны алып тастап, қайта жаңғыртып, жалпы жеті-сегіз көшеге жүргізді. Суағар өте қажет, себебі аудан сордың үстінде орналасқан. Алайда бюджеттің қыруар қаржысына салынған суағаралардың қазіргі күйін көрсең, шошисың, - дейді зейнеткер  Құрманғали МҰХТАРОВ. -  Өткен жылы ғана пайдалануға берілген суағарлар өте сапасыз салынған. Бұл жөнінде құқық қорғау органына, депутаттарға, аудандық әкімшілікке арызданғанмын. Аудандық әкімшіліктен арнайы комисия құрылып, өзім де соған қатыстым, тексеріп қарағанымызда, сапасыздық байқалды. Облыс әкімі С. Шәпкенов келгенде де арнайы мәселе етіп көтергенмін, бірақ еш нәтиже шықпай тұр. Суағарлардың деңгейі сақталмаған, жаяу жүргінші жолының дәл қасына салынған. Қалай болса солай салынғандықтан суағарға құйылған су кететін жер таппай кілкілдеп тұрады. Айналғанда ол сулар шіріп жатқаны, оның үстіне түрлі қоқысқа толып кеткен.

Ұзындығы 5,2 км болатын суағар бүгінде Аққыстау ауылдық округінің балансында. Жергілікті билік көбіне тұрғындардың өзі кінәлі деп есептейді. 

- Қоқыс ұшып келеді, болмаса балалар ойнап тастап кетіп жатады. Тұрғынның арызына сәйкес құзырлы орындар тексеріс жүргізгенде, сапасынан кемшілік анықталмады. Жалпы жаңғырту жұмысы жоба бойынша жүргізілген, - дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бастығы Айдарбек ЗИНОЛЛАЕВ. - Мердігермен екі жыл кепілдік мерзіміміз бар. Балансқа алған округ әкімшілігі тазарту жұмыстарын жүргізгенімен, қайта-қайта қоқысқа толып қалып тұр.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор 

3 тамыз 2022, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.