Атырау, 29 мамыр 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +28
$ 445.68
€ 478.35
₽ 5.57

11 мектеп салынады

1 845 просмотра

Атырау облысында 11 апатты мектеп күреліп, жаңа ғимараттар салынатын болады.  

4 мектепті салуды республикалық бюджет өз қолына алып, 5 мектеп НКОК пен КТК компаниясының көмегімен салынбақ. 2 мектепті жергілікті бюджеттің ақшасына салу жоспарланып отыр. Жұмыстар үстіміздегі жылы басталады. Бұдан басқа, қосымша ғимараттары күрделі жөндеуді қажет ететін 8 мектеп анықталды.

Қазіргі уақытта  3 мектептің: Құлсары қаласында 624 орындық, Индер поселкесінде 300 орындық және Доссор поселкесінде 300 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. КТК-ның демеуқаржысына Махамбет ауданының Ақтоғай селосында 120 орындық мектеп салынуда, сонымен қатар Индер ауданының Құрылыс ауылында 100 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.