Атырау, 9 қараша 20:47
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ашық ұрлық еткен

1 858 просмотра

Атырау көлік прокуратурасы «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің Мақат локомотивтік депосынан жалпы сомасы 120 млн теңге болатын иемдену және ысырап ету фактісін анықтады.

Атырау көлік прокуроры Болат ХАЛЫҚОВТЫҢ айтуынша, 2008-2011 жылдары жымқыру екі тәсілде орын алған. Біріншісі – растаушы құжаттары жоқ ақшаларды тауарлық-материалдық құралдарды жеткізуге алдын ала төлем ретінде аударған. Алайда іс жүзінде кәсіпорынға тауарлар жеткізілмеген және оларды жеткізуге келісімшарт жасалмаған.  Екінші тәсілі – ақшалар кейбір қызметкерлердің кәртішкелеріне іссапар шығындары мен еңбекақы бойынша аванстық төлемдер түрінде аударылып отырған. Алайда қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтар шығарылмаған және аванстық есептемелер жоқ. Алайда есеп бөлімінде мұның бәрі кәсіпорын шығындары ретінде белгіленген.

Прокуратура  сыбайлас жемқорлық бойынша кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты 2 қылмыстық іс қозғады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА 

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.