Атырау, 25 қараша 13:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Крышаңыз» көмекке келеді

2 970 просмотра

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық басқармасы мен Атырау облысы кәсіпкерлері және жұмыс берушілерінің одағы өзара меморандумға қол қойды.

- Енді біз сіздердің ресми түрдегі «крышаларыңызбыз», - деп әзілдеді басқарма бастығы Болат ТАЗАБЕКОВ.

Жалпы, кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардан тексеру келсе, олардың әзілдесуге мұршалары келмес.

Тәуекел деңгейлері төмен кәсіпорындар 5 жылда бір рет, орташалары – 3 жылда, жоғары қауіптілері жыл сайын тексеріледі. СЭС органдарының тексеру жиілігі: жылына, жарты жылда, тоқсан сайын бір рет. Өткен жылы 8740 шағын және орта бизнес кәсіпорындары тексерілген, тексеру белгілеу туралы 42 актіні тіркеуден бас тартылған. Тағайындалуы туралы актісі жоқ 7 тексеру ісі анықталды. Тексерулерінен бас тартылған мемлекеттік органдардың ішінде алда келе жатқандары - көлік бақылау инспекциясы, әскери комиссариат, ТЖ және СЭС департаменттері.

- Кәсіпкерлер, негізінен, өз құқықтарын біледі, алайда тексерушілер өз міндеттемелерін жетік білмейді-ау деймін. Актінің екінші данасын кәсіпкерлердің қолына бермейді, ал тексерулерді тіркеу кітабына қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартады. Мүмкін, сіздің басқармаңыз оқыту тренингтері мен семинарларын өткізер? -  деп, Атырау облысы кәсіпкерлері және жұмыс берушілерінің одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА ұсыныс тастады.

Өкілетті прокурорлар өздеріне мұндай қызметті алғылары келмеді. Жауап ретінде олар кәсіпкерлерге өз құқықтарын белсенді қорғап, заңсыз тексерулер орын алған жағдайда прокуратураға шағымдануларын ұсынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.