Атырау, 7 қараша 02:29
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Украиндық журналист содырлар тұтқынынан қашып шықты

1 830 просмотра

Украиндық журналист қыз Анхар Кочнева Сирияның еркін әскері деп аталатын содырлар тұтқынынан қашып шыққан. Бұл ақпаратты РИА Новости агенттігіне мәлімет берген Украинаның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растаған.

«Мен Сирияның еркін әскері әскери кеңесі бастығының тұтқынында Хомстың оңтүстігіндегі қалашықтың бірінде болдым. Бүгін таңертең қашып шығудың сәті түсті», - дегін ол кеше.
Айтуынша ол қашып шығу жоспарын бірнеше күн бұрын ойластырған. Содырларды әбден бақылап, олардың қай кезде күзетті босаңсытатынын анықтаған.
«Мен тәуекелге бас тіктім. Мен жүріп өткен жерлердің кез-келген тұсында жарылғыш зат болуы мүмкін еді... Сондай жерлермен өтуге тура келді», -деген ол.
Украина СІМ-нің хабарлауынша, журналист қыз бүгін, сейсенбі күні Украинаның Сириядағы елшілігіне жеткізілмек.

Дереккөз: baq.kz

12 наурыз 2013, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.