АСТАНА, 12 нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Өңірлік даму вице-министрілігі 2013 жылы бизнес үшін барша рұқсатнамалық құжаттардың бірыңғай тізімі енгізуге және 2 жылдың ішінде барлық рұқсатнамаларды беру шараларын автоматтандыруға ниетті деп мәлімдеді сейсенбіде ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
«Биыл бизнес үшін барша рұқсатнамалық құжаттардың бірыңғай тізімі енгізіледі және олар барынша оңтайландырылады. Сонымен қатар типтік рұқсатнамалық процедуралар бекітіледі, тиісті заң жобасы енгізілетін болады, ол қазіргі кезде ведомствоаралық комиссия аясында белсенді түрде қарастырылуда», - деді Өскенбаев үкімет отырысында.
Оның пайымдауынша, бұл заңды құжат рұқсатнамалардың көлемін реттеудің тікелей тетігі болмақ және ол аталған рұқсаттардың өсімін тежеуге ықпал етеді.«Сонымен қатар, осы жұмыстың аясында 2 жылдың ішінде барлық рұқсатнамаларды беру шаралары автоматтандырылады», - деп қосты вице-министр.
Дереккөз: newskaz.kz