Атырау, 23 қараша 10:14
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы облысында экологиялық қозғалыстың белсендісін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

2 595 просмотра

Алматы облысының полицейлері экологиялық қозғалыстың белсендісі Нұрлан Өтеулиевті өлтірді деген күдікпен ер адамды құрықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, кісі өлтіру қылмысына марқұмның ағаштарды заңсыз кесуге қарсы экологиялық шеруге шығуы басты себеп болуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Ол бастамашыл топтың құрамындағы негізгі төрт қатысушының бірі болған. 

Дегенмен, ІІД баспасөз қызметінің бастығы Көбейхан Нұрахмет хабарлағандай, ауыр қылмысты жасады деген күдікпен зардап шегушінің жиырма жеті жастағы туысы ұсталды. Кісі өліміне отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған, деп атап өтті ІІД-де.

«Шұғыл тергеу тобы көрші Жамбыл ауданында тұратын марқұмның туыстарының бірін айғақ заттарды ұсына отырып, жауапқа тартты. Жауап алу кезінде күдікті қылмысты жасағанын мойындауға мәжбүр болды», - деп хабарлады К.Нұрахмет.

Белгілі болғандай, күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның денесін Қырғауылды ауылының шетіне апарып тастаған.

Қылмыстық іске айғақ зат ретінде күдіктіден алынған 12 калибрлі аңшы мылтығы қосылды. Тергеу жалғасуда.

Дереккөз: bnews.kz

12 наурыз 2013, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.