Атырау, 27 желтоқсан 03:49
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ТШО өзінің 20 жылдығын тойлайды

1 950 просмотра

Бүгін, 11 наурызда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Скотт ДЭВИСПЕН кездесті.

Дэвис мырзаның Атырауға келу сапары «Теңізшевройл» ЖШС-нің алдағы уақытта 20 жылдық мерейтойын атап өтуіне байланысты болатын. Осынау біріккен кәсіпорындағы «Шевронның» үлесі 50 пайызды, ТШО-ның қалған серіктестерінің үлесі: «ҚазМұнайГаз» - 20 пайыз, «Эксон Мобил» – 25 пайыз, «ЛукАрко» – 5 пайызды құрайды.

Дэвис мерейтой құрметіне арналған мерекелік шаралардың Астанада басталатындығын және 5 сәуірде Атырауда, 6-да Жылыой ауданы мен Теңіз кенішінің өзінде жалғасатынын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ТШО біріккен кәсіпорнын құру туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Шеврон» басқармасының төрағасы Кеннет Дерр Алматыда 1993 жылдың 6 сәуірінде қол қойған еді.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 наурыз 2013, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.