Атырау, 6 қазан 21:20
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуге дайындалуда

1 912 просмотра

Фотосурет vesti.kz сайтынан алынды.Фотосурет vesti.kz сайтынан алынды.АСТАНА,  11  нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуге дайындалуда деп хабарлайды республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі  Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың  Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунмен кездесу қорытындысы бойынша.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың болашағы, НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы және Қазақстан бітімгерлік күштерінің БҰҰ миссиясына қатысу мәселелерін талқылады.

«Қазақстан әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде өзінің бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлік бөлімшесін дайындықтан өткізуде және Қазақстан азаматтарының БҰҰ миссиясына қатысуы жөніндегі заңнамалық құжаттарды әзірлеуде», – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.

Кэролин Браун Ұлыбританияның Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін жоғары бағалайтынын және «Қазбригтің» бітімгерлік операцияларына қатысуына қолдау көрсететінін жеткізді.

Қазақстан Қорғаныс министрі «Дала қыраны – 2012» тактикалық-арнайы бітімгерлік жаттығуларына қатысқан британдық әскери қызметшілерге ризашылығын білдірді.

Дереккөз: newskaz.kz

11 наурыз 2013, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.