Атырау, 30 қараша 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Істі жабуға уәде берген

2 355 просмотра

6 наурызда Атырау облыстық қаржы полициясының департаменті пара алмақ болған үш полиция қызметкерін, соның ішінде Атырау стансасындағы желілік ІІБ бастығының орынбасарын ұстады.

Қаржы полициясы дүйсенбі күні, 11 наурызда өз түсініктемесін берді:

- Қандыағаш стансасындағы ЖІІБ тергеу тобының тергеушісі Ш.-ға, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Н.-ға және Атырау стансасындағы ЖІІБ бастығының орынбасары К.-ға қатысты 24-баптың 3-тармағы және 311-баптың 4-тармағының «б» тармақшасында (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі . – Олар алдын ала келісіп, өздері тергеген қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін азамат С.-дан 200 мың теңге сомада пара алмақ болған деп айыпталуда.

7 наурызда сот Н. мен К.-ны қамауға алуға санкция берді. Қылмыстық іс тергелуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 наурыз 2013, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.