Атырау, 22 қараша 23:37
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Корея мен АҚШ бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын бастады

3 207 просмотра

Бүгін, 11 наурызда, Корея Республикасы мен АҚШ 21 наурызға дейін он күнге созылатын бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

«Ки ризолв» деген кодтық атау берілген әскери маневрге Корей Республикасының шамамен 10 мың әскері мен АҚШ-тың 3500 америкалық сарбазы қатысады.

Ренхап агенттігінің хабарлауынша, бұл іс-шара 2015 жылдың соңында АҚШ-та жүзеге асырылып жатқан әскери жедел басқаруды оңтүстіккорейлік тарапқа беру жоспарына сәйкес өткізіліп отыр.

Корей түбегіндегі араздық КХДР-дің осы жылдың 11 наурызында Кореядағы соғысқа (1950-1953 жж) тоқтау салған «Бітім туралы келісімнің» күшін жоятынығын жария еткеннен кейін күшейе түсті. Ол осы қадамы арқылы АҚШ пен Корей Республикасы бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын тоттатпаған жағдайда, одан да күрделі қадамдарға барудан тартынбайтындығын ескерткен болатын.

КХДР Корей Республикасымен арадағы «ыстық желіні» де ажыратып тастады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ренхап ақпарат агенттігі мәлім етті.

Дереккөз: bnews.kz

11 наурыз 2013, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.