Атырау, 27 желтоқсан 07:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қытай билігі үкіметті реформалау жобасын ұсынды

1 847 просмотра

БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Қытай билігі ҚХР Мемлекеттік Кеңесін (жоғарғы атқарушы орган) реформалау жобасын 10 наурызда, жексенбі күні қытай парламенті депутаттарының қарауына ұсынды.

Үкімет жанындағы министрлік деңгейіндегі органдар саны төрт бірлікке қысқарып, 25 министрлік пен мемлекеттік комиссияны құрайды.

Реформа Теміржол министрлігін жойып, оның қызметтерін Көлік министрлігіне беруді көздейді. Сонымен қатар Қытай теміржолдары компаниясы құрылады. Қытай денсаулық сақтау министрлігі мен жоспарлы бала туу жөніндегі мемлекеттік комитет денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу бірыңғай мемлекеттік көмитетіне бірігеді. Реформа министрліктердің жалпы санын қысқарта отырып, бірқатарының өкілдіктерін кеңейтуге бағытталған.

 «ҚХР Мемлекеттік Кеңесі аппаратының реформасы және оның қызметтерін өзгерту» жобасы бойынша, тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектерге бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың өкілеттіктерін кеңейтеді. ҚХР орталық халық үкіметінің құрылымдарында басқа да өзгерістер көзделген.

ҚХР басшылығының пікірінше, үкімет құрылымын реформалау елдегі нарықтық және әлеуметтік үдерістерге әкімшілік араласуды төмендетуге бағытталған. Қытай парламентінің жыл сайынғы сессиясына ҚХР Мемлекеттік Кеңесін реформалау жобасын енгізу үкіметтің ашықтығын және тиімділігін көтеру және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі ұрандармен өтуде.

Еске сала кетейік, Бейжіңде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (жоғары заң шығарушы орган) жылсайынғы сессиясы өтуде, ол 17 наурызға дейін созылады. Сесси барсында ҚХР үкіметінің жаңа құрамы қалыптастырылады.

Дереккөз: inform.kz

10 наурыз 2013, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.