Атырау, 30 маусым 11:33
 дождьВ Атырау +14.8
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

БҰҰ-ның бітімгерлері босатылды

1 547 рет қаралды

Сирия жауынгерлері тұтқынға алған БҰҰ-ның 21 бітімгері босатылды. Олар қазір Иордания аумағына өтті.

Кепілде болған бітімгерлер Сирияның оппозиция күштерінен жәбір көргендерін айтады. Естеріңізге салайық, осы аптада Сирия жауынгерлері Израильмен шекарадағы бақылау бекеттерінің бірінде БҰҰ-ның бітімгерлерін тұтқынға алған. Олар Аль-Джамла елдімекенінен Башар Асад әскері босатылмайынша, БҰҰ-ның жасақтары жіберілмейтінін айтып, талап қойған. Жалпы халықаралық күштер 1974 жылдан бері Голан шыңдарына орналастырылған.

Дереккөз: 24 KZ

10 наурыз 2013, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.