Атырау, 19 ақпан 10:05
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 497.89
€ 520.89
₽ 5.47

Астанада халықаралық HR-конференция өтеді

1 578 просмотра

Алдымыздағы аптада Астанада VIII халықаралық «Адам ресурстарын басқару: III мыңжылдықтың HR-трендтері» атты конференция өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

2013 жылғы конференция Қазақстандағы ІІІ мыңжылдықтағы көккейкесті HR-трендтерді дамыту мәселелеріне бағытталатын болады. Конференция қазақстандық және шетелдік компаниялардың анағұрлым тиімді еңбек қатынастары үлгісін көрсетіп, таратуға мүмкіндік береді.

Конференция аясында Республикалық«Cенiм 2012»конкурсының қорытындылары жарияланып, онда 7 номинациябойынша Қазақстан Республикасының үздің жұмыс берушілері анықталады. HR-менеджерлері Ассоциациясы мен «Самұрық-Қазына» Корпоративті университеті жыл сайын өткізетін конкурсқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы, «KAZENERGY» Ассоциациясы, «Әлеуметтік серіктестік орталығы» КҚ қолдау көрсетеді.

Конференцияны ұйымдастырушы «Самұрық-Қазына» қоры.

Дереккөз: bnews.kz

10 наурыз 2013, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.