Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мерекелік жанжал

2 228 рет қаралды

Атырауда 8 наурызға қараған түні әйел адам зақым келтіретін тапаншадан күйеуінің басынан атқан.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 8 наурызға қараған түні облыстық офтальмологиялық ауруханадан стационарға көзінен жарақат алған Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны келіп түскендігі туралы хабарлама түскен. Оның айтуынша, ол отбасылық ұрыс-керіс барысында 42 жастағы әйелі атқан зақым келтіретін тапаншаның оғынан жарақат алыпты. Қызба мінез әйелі ұсталып, содан кейін басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 наурыз 2013, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.