Атырау, 1 желтоқсан 22:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жол полицейлерінің 8 наурыздағы «қалжыңы» рөлдегі қыздарымыздың зәресін ұшырды (ФОТО)

4 370 просмотра

 

Бүгін Астанада жол полициясының қызметкерлері әйелдер қауымын Халықаралық мерекелерімен құттықтап, хаттаманың орнына құттықтау хатын толтырып, айыппұлдың орнына гүл шоқтарын сыйлады. Бұл шараның атауы «Абайла, бағдаршам!!!» деп аталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Бүгін дәстүрге айналған «Абайла, бағдаршам!!!» акциясы аясында жол полицейлері тек қана рөлдегі қыз-келіншектерді тоқтатты. Олар не үшін тоқтатқанын білмей әлек болған нәзік жандыларға ойдан шығарылған заңбұзушылықтарды айтып, хаттаманың орнына құттықтау хаттарын толтырып, айыппұлдың орнына гүл шоқтарын ұсынды. Сондай-ақ шараны бірлесіп жүргізген заңгерлік фирманың атынан тәтті кәмпиттер мен bluetooth гарнитураларын сыйға тартты.

«Біз тек қыз-келіншектерді ғана тоқтатып, оларға ойдан шығарылған жол жүру ережесін бұзды деген айыптаулар тағып, сәл зәресін ұшырып аламыз да, инспектор хаттама толтырған құсап, құттықтау хатын жазғанша, заңгерлік компанияның қызметкері жүргізушінің көңілін аулай тұрады. Ол ЖЖЕ-ні 8% жеңілдікпен немесе заңгерлік көмекті де соншалықты жеңілдікпен сатып алуды ұсынады. Зәресі кеткен жүргізуші заңгердің көмегінен құтылмақ болып, инспектордан хаттама толтырмауын өтініп, неқандай ереже бұзбағанын айтып ақталып жатқан кезде мен жүгіріп келіп инспектордың қолына гүл бере қоямын. Оқиға соңынан жүргізуші қыз инспектордың қолынан хаттаманың орнына құттықтау хатын, айыппұлдың орнына гүл сыйға алады. Ал заңгерлік компанияның атынан қыздар Raffaello кәмпиті мен ЖЖЕ жинағына ие болады. Соңынан біз мәліметтер базасынан қыздың жол жүру тәртібі туралы мәліметтер алып, егер ешқандай ереже бұзбаған болса, оған bluetooth гарнитурасын сыйлаймыз», - деп әңгімеледі Астана ЖПБ баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Бисембаева. 

Жол-көлік жарақатының алдын алу және жол жүру ережесін насихаттау мақсатында жол полицейлері «Lunev Waters» заңгерлік компаниясының өкілдерімен бірлесе отырып рөлдегі қыз-келіншектерімізге құттықтау хаттарын, гүлдер мен ЖЖЕ буклеттерін және тәтті сыйлықтар ұсынды. 

 «Біз биыл бірінші рет қатысып тұрмыз. Бұл біздің дебютіміз. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – азаматтар өз құқықтарын жақсы біліп, басқалардың оны бұзуына жол бермеуіне қол жеткізу. Бұл акцияның екінші күні, соған қарағанда автокөлік иелері өз міндеттерін жақсы білетінге ұқсайды. Оларды тоқтатқанда олар өз құқықтарынан гөрі міндеттерін жақсы ұстанады», - деп әңгімеледі «Lunev Waters» заңгерлік компаниясының бас директоры, басқарушы серіктесі Илья Лунев.  


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: bnews.kz

8 наурыз 2013, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.