Кеше Милан соты Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді UNIPOL италиялық сақтандыру тобының BNL (Banca Nazionale Del Lavoro) банкін сатып алу туралы сәтсіз мәмілесіне байланысты бір жылға соттау туралы үкім шығарды. Оған құпия ақпараттың тарауына жол берді деген айып тағылып отыр.
Осылайша, Сот Берлускониді біржылға бас бостандығынан айыру туралы прокуратураның өтініш қанағаттандырды. Сонымен қатар судьялар экс-премьер-министрдің інісі, Mediaset медиалық тобына қарасты Il Giornale милан газетінің басшысы Паоло Берлускониді 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды РИА Новости. Ол жасырын ақпаратты жариялаумен қатар, телефон әңгімелері жазылған жазбаларды заңсыз сатып алғаны үшін айыпталуда.
Сот шешіміне сәйкес, Берлускони мен оның інісі бұрынғы премьердің саяси оппоненті Пьеро Фассиноға 80 мың еуро және сот шығыны ретінде тағы 10 мың еуро көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Дереккөз: bnews.kz