Атырау, 25 қараша 13:05
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызыл кілем жиегіндегі серілер...

3 283 просмотра

Ертең мереке күні, ал бүгін азаматтарымыз өз аналарына, жұбайларына, қыздары мен құрбыларына гүлдер, неше түрлі тәттілер, әтірлер мен мүсіндер сатып алу үшін дүкендерде сеңдей соғылысып жүр. Жоғарыда айтылғандардың барлығы баяғыда-ақ құттықтау жанрының классикасына айналғандықтан, әйелдер өз азаматтарынан әлі де өзгеше нәрсені үміттене күтеді. Қаладағы түрлі event-агенттіктерден телефон арқылы жүргізген шағын блиц-сауалнамамыз атыраулық жігіттердің қиялдарының әлі де ұшқыр екенін көрсетті.

«Event production» компаниясының директоры Рано НИҒМЕТОВАНЫҢ айтуынша, соңғы кездері Атырауда өзгеше құттықтау үрдісі байқалады.

- Қаладағы ірі сауда фирмасының бірі ертең өздерінде жұмыс жасайтын аруларға  нағыз голливудша «Оскар» тапсыруды жоспарлап отыр, - деп әңгімеледі ол.– Таңертеңгі сағат 8-де жұмыс алдында әйелдерді төселген қызыл кілем мен бір топ табынушылары, сонымен қатар нағыз Голливуд жұлдыздары секілді фотосуретке түсіретін кәсіпқой фотографтар мен папарацци күтіп тұрады. Шарлар, құшақ-құшақ гүлдер мен ұжымдағы ерлер қауымының құрметі олардың мерекелерін естен кетпестей етеді деп ойлаймын.

Тағы бір ЖШС қызметкерлеріне орта ғасырдағы рыцарьлардың костюмдерін кигізбек. Ал олардың ханымдарға не сыйлайтыны құпия. Бірақ рыцарьлардың болуының өзі, тіпті осы мереке күні жұмыс істеуге тура келсе де, әйелдерді шаттыққа бөлері сөзсіз.

Романтикалық тұрғыда сезімін білдіру де қалыс қалмайды екен. Ғашық болған қала тұрғындарының бірі сүйіктісі тұратын 5-қабаттың терезесінің тұсына көтергіш кранмен көтеріліп, оның сүйікті гүлшоғын тарту ететін көрінеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 наурыз 2013, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.