Облыстық ревизия комиссиясы басшысын ауыстыруды 6 наурызда өткен облыстық мәслихаттың ХІ сессиясында талқыланған жанжалды мәселе деп есептеуге болады.
Мәслихат хатшысы Сағын ЛҰҚПАНОВ ревизиялық комиссияныңбұрынғы төрағасы Болат ҚОНАРБАЕВ өз қалауымен жұмыстан кету туралы өтініш жазғанын хабарлады. Облыстың бас депутаты төрағалыққа үміткер ретінде бұрын қаржылық бақылау басқармасының бастығы, аз уақыт (екі-үш ай) облыс әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті департаментінің директоры болған 59 жасар Нұржан МҰХАМБЕТҚАЛИЕВТІ ұсынды. Депутаттар бірауыздан құптап дауыс берді.
Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМЕТОВ өз сөзінде Қонарбаев, сондай-ақ облыстық мәслихаттың басқа депутаттары да мүлдем жұмыс жасамағанын, жергілікті бюджеттің қаржылық ағымдарына бақылау жүргізбегендерін айтып өтті. Сондықтан да ол Н. Мұхамбетқалиевқа жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Әкім және депутаттар бас ревизорды таңдауда қателеспегенін уақыт көрсетеді (оқырмандардың назарына: депутаттар сайлағанымен, бұл жұмыс қоғамдық емес, ақша төленетін қызмет).
Әкім өз баяндамасында жер мәселесіне ерекше тоқталып өтті:
- Қейбір құрылыс салушылар қандайма бір жолдармен электр желілері астынан жерлер алады. Олар үй салып алып, магнитті алаңдар денсаулықтарымызға зиян келтіреді деп президентке шағымданады. Қазірдің өзінде осындай жүздеген хаттар келіп түсті. Жергілікті билік ешқандай әрекет жасамайды деп жазады. Бұл электр желілерін мен қайда жіберем? Оларды желілер астынан жер алыңдар деп кім қыстады екен? Сәулет бөлімдері қалақұрылысы сапасына еш бақылау жасамайды. Кейбіреулер өз үйлерін учаскеге көлденең салса, кейбірі тігінен, үшіншісі жер учаскесінен 2-3 метр шығарып салады. Көшелер қисық, жолдар жабылып, тұйықтықтар пайда болған.
Бизнесмендер көп пәтерлі үйлердің аулаларынғы балалар алаңқайларына түрлі құрылыстар салып жатыр. Қайтарыңдар бәрін!
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ