Атырау, 27 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Венесуэлалықтар Уго Чавесті соңғы сапарға шығарып салды

1 709 просмотра

Каракас қаласында 5 наурыз күні қайтыс болған Венесуэла президенті Уго Чавеспен қоштасу рәсімі басталды. Саясаткердің денесі әскери госпитальдан Венесуэланың Әскери академиясына жеткізіледі. Ол жерде қоштасу рәсімі тағы үш күнге созылады, деп хабарлады РБК.

Каракас көшелеріне Уго Чавестің ондаған мың жақтаушысы шықты. Қоштасу рәсіміне ел басқарушыларының барлығы келді. Олардың қатарында вице-президент әрі У.Чавестің ісін жалғастыруы мүмкін Николас Мадуро бар. Президентті соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары мен Аргентина, Боливия және Уругвай президенттері келді.

Венесуэлада жеті күндік қаралы күн жарияланды.

Дереккөз: bnews.kz

7 наурыз 2013, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.