Атырау, 3 маусым 23:19
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

ҰҚК төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды

4 009 рет қаралды

АСТАНА,  7 нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарлары болып генерал-майор Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы және полковник Әбіш Самат Сатыбалдыұлы тағайындалды деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Хабарламаға сәйкес,  2013 жылғы 7 наурызда ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев Комитеттің басшы және жедел құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен тағайындалған ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарлары генерал-майор Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлын және полковник Әбіш Самат Сатыбалдыұлын таныстырды.

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-майор Мизанбаев Өсер Елеусізұлы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Дереккөз: newskaz.kz

7 наурыз 2013, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.