Атырау, 3 маусым 22:55
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қайда тептің, асаба?!

3 051 рет қаралды

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жергілікті музыканттар, операторлар, фотографтар, теледидар қызметкерлері мен әртістер арасында мини-футболдан турнир өтті. Асабалар да қалыс қалмады.

Турнир алдындағы жаттығулар аз болды – шығармашыл адамдар шабытқа ғана сүйенді. Турнирді көңілді тапқыр Махамбет ҚАДЫРҒАЛИЕВ пен кәсіби асаба Қуандық ДОСБОЛАТҰЛЫ ұйымдастырды.

«Мұнайшы» командасы жеңімпаз атанса, 2-орын «Құрманғазының», 3-орын «Арсеннің» қанжығасында кетті. Үздік қақпашы болып Биболат РАПИХОВ, үздік ойыншы – Біржан ҚАБЫЛХАМИТ, үздік сұрмерген ретінде Айбек БАЯЗИТОВ танылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.