Атырау, 13 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Спорт жаңалықтары

2 407 просмотра

Жас дойбышылар турнирі

Қаланың 8 округінде оқушылар арасында дойбыдан қала біріншілігі өтіп жатыр.

Жарыстар аяқталған кейбір округтер бойынша жеңімпаздар есімдері: Кеңөзек округі: Әсел және Диана Ғұмаровалар (Жамбыл орта мектебі), Алпамыс Оразбаев, Нұрлан Тыныштықов, Айзада Темірханова және Берік Нұртазаев (Амандосов орта мектебі). Жұмыскер округі: Диар Қадырбек (И.Тайманов орта мектебі), Айзада Алипова (М.Өтемісов орта мектебі), Мейірбек Саттығұлов (№33 мектеп), Гүлназида Нұрланқызы (Еркінқала), Асылхан Сабыров және Фариза Қадырова (№35 мектеп).

 

***

Иыққа иық тіресіп

Астана және Атырау облыстық «Намыс» карате-до кекушинкай федерацияларының біріккен құрамасы Астраханда өткен дәстүрлі «Каспий Кубогы» халықаралық турнирде жалпыкомандалық 3-орын алды.

Қазақстандық каратешілерге Ресейдің Оңтүстік және Приволжье Федералды округтарының мықты командаларымен күш сынасуға тура келді. Астана командасы қоржынға жеке айқаста екі күміс пен бір қола, тамишивари бойынша (тақтай сындыру) бір командалық «алтын» салды. Атыраулықтардың ішінен Андрей Котов – «алтын», Аманат Еділбаев пен Альфия Даирова – «күміс», Рүстем Байбосынов «қола» алды. Командалық бірінші орынды Астрахан құрамасы алса, екінші орын Краснодар өлкесі командасының еншісінде. «Намыс» спортшыларын жарысқа бапкерлер Мұрат Жолдасов, Мария Цислинская және Таңат Нұрымов дайындады.

 

***

Бәрін басынан бастады

Олимпиада-2012 қатысушысы, атыраулық таэквондошы Гүлнафиз АЙТМҰХАМБЕТОВА жаңа олимпиада алды кезеңін Лас-Вегаста өткен Ашық АҚШ чемпионатында сәтті өнер көрсетуімен бастады.

Бірінші айқаста Гүлнафиз канадалық Элисон Вокиды 6:1 соққы айырмашылығымен ұтса, екінші ұрыста доминикандық Дейзи Мариені сенімді жеңді – 6:2. Жартылай финалда спортшымыз американдық Лауре Хемонға еш мүмкіндік бермеді, есеп – 7:1. Ал «алтын» үшін айқаста мексикалық Мария Эспинозадан ұтылып қалды (5:1). Алайда осындай үлкен турнирдің «күмісі» де қымбат.

 

***

Ақмарал Италияға барады

25 ақпан – 3 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында біздің облыс құрамасы тамаша өнер көрсетті.

Жасөспірімдер арасында 80 келіге дейінгі салмақта Бірлік селосындағы Б. Нысанбаев мектебінің 10-сынып оқушысы Ақмарал Шамшиденова чемпион атанды. Ол мамыр айында Италияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Ересектер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Ақерке Бақытжан күміс медаль ұтса, 54 келіге дейінгі салмақта құлсарылық Санбике Жолдасова 3-орын алды. Жастар арасында 69 келіге дейінгі салмақта Шынар Юлдашева «қолаға» қол жеткізді. Спортшы қыздарды А. Юн, А. Көшенов, Е. Бисекенов, А. Бермешев дайындады.

 

***

Бар күштерін салды

«Атырау» ДСК-нде жастар арасында армрестлингтен облыс чемпионаты өтті. Жарыс 16-19 наурызда Өскеменде өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі болды.

72 спортшы оң қол және сол қол бойынша қоссайыста күш сынасты. Жүлдегер төмендегіше анықталды (1-2-3 орындар сәйкесінше): 55 келіге дейінгі - Ф.Қожантаев, А.Мұстафин, Н.Иванов;65 келіге дейінгі – А.Алексеев, Ф.Сәрсембиев, Р.Ахиялов; 75 келіге дейінгі – А.Попов, А.Бисахов, Д.Романюк; 75 келіден жоғары – А.Сушко, Н.Березин, Д.Аталықов. Спортшылар және олардың жаттықтырушысы С.Передистый турнирдің өтуіне қолдау көрсеткен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қ. Иманғалиға алғыс айтады.

Суретті түсірген С.Передистый

Мұрат сҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.