Атырау, 10 қазан 16:40
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қаскелеңнен келген жүлделер

2 328 просмотра

Рамазан Тасбаев пен Эльдар Омаров жаттығу үстінде.  Рамазан Тасбаев пен Эльдар Омаров жаттығу үстінде. Алматы облысының Қаскелен қаласында балалар, ер балалар және жасөспірімдер арасында таэквондодан Қарасай батыр жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

1-БЖСМ (Привокзальный) командасы сәтті өнер көрсетті, қоржындарында 10 медаль бар. Эльдар Омаров, Рамазан Тасбаев және Нұрсұлтан Бақтығали, сәйкесінше, 7-9, 10-11 және 12-13 жас аралығында турнир жеңімпаздары атанды. «Күміс» иеленгендер: Бексұлтан Латиф, Арай Оразақова (екеуі 14-17 жас тобында). Фархат Молдабаев (7-9 жас), Айсан Моншағұлов, Айкөркем Сатыбалдиева, Алма Матхат (10-11 жас), Жасмин Дулатова және Әділжан Сарсенов (12-13 жас) - «қола» жүлдегерлер.

Алда 7-9 және 10-11 жасар балалар аралығында Шымкентте және 12-13 жасар ер балалар аралығында Астана қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бапкерлер өз шәкірттерінің осы додаларда да жақсы өнер көрсететіндеріне сенімді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.