Осы айда екі мемлекеттік мерекенің аталып өтетіні белгілі.
8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні жұмаға сәйкес келіп тұрғандықтан және әрі қарай – демалыс күндері болғандықтан қатарынан 3 күн демаламыз.
Наурыз мейрамы заң бойынша бірнеше жылдан бері бір күн емес, үш күн – 21, 22 және 23 наурызда тойланып келеді. Бұлар – бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне дөп келіп тұр. Сондықтан сенбідегі бір күн демалыс 25 наурызға - дүйсенбіге ауыстырылады. Сөйтіп қатарынан 5 күн – бейсенбі - дүйсенбі аралығында демалудың сәті түсіп тұр. Жұмысқа сейсенбіде – 26 наурызда шығамыз. Жалпы, Наурыз мерекесінде енді үнемі күнтізбенің келуіне қарай кейде демалыс күндерін ауыстырып, кейде ауыстырмай қатарынан 5 күн демалатынымызды білген жөн.
«АЖ» меншікті ақпараты